22.04.2016, 10:55
Оқылды: 22

Республикалық кезеңге жолдама алды

Shingirlau Respublikalik kezenge     Орал қаласында 19- сәуірде ХVІІ «Абай мен Шәкәрім оқулары» байқауы өтті. Дәстүрлі оздырылып жүрген байқау талаптары қатысушының тілдік қарым-қабілетін, ана тілін терең меңгеруі деңгейін таразыға салады. Әділқазы алқасы да өңірге белгілі тіл мамандары, ақын-жазушылар мен әнші-сазгерлерден құралып,  поэззия, шығармашылық және вокал жанрындағы кезеңдер қатаң  іріктеуден өтеді.


    Осы тіл сайысының биылғы облыстық кезеңіне ауданымыздан аттанған оқушылар арасында Л.Қылышев атындағы ОЖББМ-нің 9 «а» сыныбының оқушысы Гүлжазира Асуова өз шығармашылығы бойынша осы байқаудың Семей қаласында өтетін республикалық кезеңіне жолдамасын жеңіп алды. Байқаудың шарттарына сәйкес өз қаламынан туған «Абай дана- қазақта», «Шәкәрімге арнау» және «Тәуелсіздік» өлеңдерімен озық түскен Гүлжазира байқаудың «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале