26.09.2015, 12:04
Оқылды: 19

Республикалық конкурстардың лауреаты Досым Мақсотовтың «Ұстазға» атты концерті өтеді

Karshiga ahmediarov  Ағымдағы жылдың 30 қырқүйек күні сағат 18.30-да «Нұр Отан»  залында Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, профессор, Халықаралық Махамбет сыйлығының лауреаты, композитор, дарабоз күйші Қаршыға Ахмедияровты еске алуға арналған шәкірті, X-шы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты, жерлесіміз Досым Мақсотовтың «Ұстазға» атты концерті өтеді.

Қ. Ахмедияров күйші-орындаушы, кәсіби маман, домбырада еркін ойнайтын, жоғары виртуоз-әртіс, жан-жақты музыкант: дирижер, зерттеуші, нотаға түсіруші, композитор күйші, көптеген оқу-әдістемелік жинақтардың авторы және үлкен ұстаз – домбыраның қыр-сырына студенттерді, аспиранттарды, ұстаз-мұғалімдерді үйретуші ғана емес, Қазақстанның музыка өнерін ұлттық байлығымыз ретінде насихаттаушы да.

Қ.Ахмедияров 35 жылдан бері педагогикалық, концерттік, зерттеушілік, ағартушылық, композиторлық жұмыстарды абыроймен ұштастырған, республикада өзіндік домбырашылық мектеп қалыптастырған, Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, жоғары дәрежелі кәсіби маман ретінде Қазақстанның өнерін бұрыңғы Совет Одағы көлемінде ғана емес, алыс, жақын шетелдерге насихаттауда еңбегі зор.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале