3.12.2015, 11:44
Оқылды: 16

Республикалық олимпиададан жүлделі оралды

Zelenov Respublikalik olimpiada   Зеленов ауданы, Макаров ауылындағы мектептің 11-сынып оқушылары Данил Петрушкевич пен Галина Доронина «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» атты қашықтықтан өткен республикалық олимпиадаға қатысып, нәтижесінде Галина Доронина  ІІІ орын алды.

Жүлдегерді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Нұрхат Жанбоз бен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірініші орынбасары Нұржан Дүзбатыров арнайы құттықтап қайтты.


 

-Бүгінде  сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің күрделі мәселесі. Сыбайлас жемқорлық- елімізге, азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да оны арамыздан қоғамымызға жат қылық ретінде ашып көрсету, оған қарсы күресу баршамыз жұмылатын іс. Әрине, алдымен сендер секілді ел ертеңінен бастауымыз қажет. Жасампаз еліміздің болашағы сіздер,- деген Нұрхат Мүтиғоллаұлы мектеп ұжымына ақжарма тілегін жеткізді.

Сонымен бірге  Галинаны марапттап, сыйлығын табыстаса,  Данил Петрушкевичке «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен атынан алғыс хат берді.

www.zhaikpress.kz

Динара Насырова

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале