28.10.2015, 12:46
Оқылды: 20

Республикалық олимпиададағы олжа

олимпиадаҚарағанды қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен «Тіл – тұнық ойдың кәусары» атты республикалық олимпиада өтті.

Білім бәйгесіне Ақжайық ауданының орталығындағы Абай атындағы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Гүлден Тапенова қатысып, алғыс хат пен 20000 теңгенің сертификатын иеленіп қайтты.

Олимпиада үш тілге жетік жастар арасында өтті. Мемлекеттік тілді, орыс тілін және ағылшын тілін білу кезеңдерінің әрқайсысында қатысушылар берілген тақырыпқа эссе жазып, қазақ тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне мәтіндерді ілеспе аударма жасады. Гүлден өз мектебінің, ұстаздарының үмітін ақтап, үш тілге жүйрік екенін көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Әлия САПАРҒАЛИЕВА,

Ақжайық аудандық білім бөлімі

әдістеме кабинетінің меңгерушісі

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале