22.10.2016, 21:41
Оқылды: 26

Республикалық театрлар фестивалі басталды

%d1%82%d0%b5%d0%b0%d1%82%d1%80-14         Бүгін облыстық қазақ драма театрында мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық "Алаш"  және Тәуелсіз "Платиналы Тарлан" сыйлықтарының иегері, ақын-драматург Иран-Ғайып Иранбек Әбітайұлының "Мәңгілік елдің алтын адамы" атты республикалық театрлар фестивальнің ашылу салтанаты өтті.


    Фестивальге  Семей қаласынан Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық  балалар мен жасөспірімдер театры, Оңтүстік Қазақстан облысының орыс драма театры және өзіміздің облыстық қазақ драма театрлары қатысуда. Өнер додасына Иранбек Оразбаевтың төрағалығымен белгілі жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаев, "Қазақстан -Орал" телеарнасының редакторы, "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Мұнайдар Балмолда, ақын, жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Моңғолия елінен келген Сұраған Рахметұлы, Антикалық драма театрының актеры, "Стоби 2016" антикалық драма фестивалінің директоры, Македониядан келген Зоран Льтуков  және өзге де  еліміздің өнер қайраткерлері қазылық етпек.

 Фестивальдің ашылуына арнайы келген облыс әкімі Алтай Көлгінов өнер мерекесіне  сонау Моңғолия, %d1%82%d0%b5%d0%b0%d1%82%d1%80-04Македония, еліміздің оңтүстігі мен шығыстан, орталық қазақстаннан келген барша өнер сүйер жұртшылыққа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ осы шарада Македония мемлекетінде өткен " Стоби-2016" антикалық фестивалінде Гран При иеленген театр ұжымына және  "Үздік ресжиссура" аталымына ие болған Қуандық Қасымов пен  мен "Үздік әйел образы" аталымын иеленген актриса Бибігүл Исалиеваға арнайы дипломдарды Македониядан келген  Антикалық драма театрының актеры, "Стоби 2016" антикалық драма фестивалінің директоры Зоран Льтуков табыстады.

    Фестивальдің ашылу салтанаты  белгілі ақын- драмматург Иран Ғайып-Иранбек Әбітайұлының "Ән Мұхит"  атты премьрасымен жалғасын тапты. Бұл драма - дастан халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Мұхиттың өмір жолынан  ғана емес,  шығармашылығынан да терең сыр шертеді. Мұхит Мералыұлының әншілік өнерінің сан қырлы жаратылысын, табиғатын ашатын драмалық туынды көпшілік көрерменнің көңілінен шықты.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале