8.02.2016, 18:21
Оқылды: 23

Республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы шеңберінде «Бар жақсылық – балаларға!» атты шара оздырылды

 Janibek Kayirimdilik akciasi  Жәнібек ауданындағы Е.Ниетқалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте республикалық «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы шеңберінде «Бар жақсылық – балаларға!» атты шара оздырылды.


Қамысты ауылында тұратын Ж.Абдрахманова,  Р.Басирова, А.Мұхамбетова сынды жеке кәсіпкерлер мен ұстаздардың атынан аталмыш мектептің директоры М.Төлешева аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан 47 оқушыға 110 мың теңге көлеміндегі киім-кешек пен оқу құралдарын табыс етті. Шарада аудандық мәслихат депутаты Т.Үмітаева акцияға демеушілік еткен кең жүректі жандарға ризашылық білдіріп, ауыл халқы атынан алғыс айтты.

 www.zhaikpress.kz

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале