23.08.2016, 18:12
Оқылды: 23

Республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының төрағасы Дос Көшім Зеленовта

Республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының төрағасы   Өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі – мемлекеттік тіл - қазақ тілі екендігі Ата Заңымызда айқын да анық жазылған.

   Демек, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде! Дәл осыны меңзеген басқосу  Зеленов ауданында өткен болатын.


  Аудан басшысы Кәрім Жақыповтың төрағалығымен болған бұл жиынға аудан тұрғындары, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, ауыл әкімдерімен қатар республикалық «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының төрағасы, қоғам қайраткері, белгілі саясаткер, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі Дос Көшім, БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали қатысты.

        Айта кетейік, ҚР   Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстанда тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  шеңберінде елімізде  орыс тілді азаматтарға арналған «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» атты көптеген ауқымды жобалар ұйымдастырылып келеді.

       Көпшілікті емін-еркін отырып, әңгіме-дүкен құруға шақырған қоғам қайраткері Дос Қалмаханұлы мемлекеттік тілдің жағдайын орыс тілді аудиториямен бірге отырып талқылау – бүгінгі іс-сапарының басты мақсаты екендігін тілге тиек етті.

     Одан әрі орыстілді азаматтардың мемлекеттік тілді қолдануы, қазтест, ономастика сынды өткір мәселенің мәнісіне тоқталып, әңгіменің тетігін ағытты. - Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту үшін тек қазақ тілді зиялылардың ғана еңбек етуі жеткіліксіз, олармен қоса орыс тілді  азаматтардың да үлес қосқаны абзал,-деді.

      Дұрыс. « Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ» мемлекеттік тілдің келешегі нұрлана түсері хақ.

      Мұнан кейін тіл жанашырлары құқық қорғау органдарының мамандары, мекеме, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, басқарма басшыларымен де жүздесіп осы тақырыпты  әрі қарай жалғастырды.

     Жиын барсында сөз алған аудан тұрғындары өздерінің ұсыныс, ой-пікірлерін білдірді.

 Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале