13.09.2016, 9:06
Оқылды: 30

Робот техникасынан өткен облыстық чемпионат      

robot-1Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде робот техникасынан облыстық чемпионат өтті.


Оған НЗМ, республикалық жоғары техникалық колледжі, С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, қазақ-түрік лицейі, техникалық шығармашылық орталығы, №42 «Ақ ниет» гимназиясы, Тасқала ауданындағы «Сәулет» гимназиясы, мектептен тыс жұмыс орталығының командалары қатысты.  Жарыс негізгі, шығармашылық категориялары және роботтар футболы бағыттарында Халықаралық робот олимпиадасы ұйымының ережесіне сай ұйымдастырылды.

Чемпионаттың қызықты тұсы  шығармашылық категориясы болды. Мұнда оқушылар өз жұмыстарын ұсынды. Олар көбіне экологиялық мәселелерді ескере отырып, түрлі жерлерде қоқыс қалдықтарын жинайтын және оларды сұрыптайтын робот түрлеріне басымдық берген.

robot2Бұл категория нәтижесінде кіші топтан Ж.Нұрсұлтан мен А.Кәкімов бірінші орын алды. Орта жастан Тасқала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы Н.Ерлан мен Қ.Қазыбаев бірінші, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Е.Жамашев пен Т.Мырзағалиев екінші, №42 «Ақ ниет» гимназиясынан Б.Мәулетов пен Ә.Таласбаев үшінші орынды өзара бөлісті.

Ересектерден бірінші орын НЗМ-нен А.Асанғалиева, Д.Қуанова, Д.Алмановаға, екінші орын С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты шәкірттері Д.Ерсаинов пен Т.Жүнісовке, үшінші орын «Сәулет» гимназиясының намысын қорғаған А.Алдыбеков пен К.Ерғалиеваға бұйырды.

Чемпионаттың барлық бағыттарындағы бірінші орын иегерлеріне Астанада өтетін республикалық кезеңге жолдама берілді.

Ақмоншақ Жұмаева,

Орал НЗМ баспасөз хатшысы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале