27.05.2016, 15:29
Оқылды: 71

Рухани демалыс сыйлаған кеш

Janakala filarmonia   Жаңақала аудандық мәдениет үйінде Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына және филармонияның 50 жылдық мерейтойына орай «Айналдым елім, Қазақстаным!» атты концерттік бағдарламасы болып өтті.


    Құрылғанына ширек ғасыр толып, осы жылдар ішінде талай таланттың қанатын қатайтып, дарабоз дарынға рух берген Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұжымының өнер кешіне көзі қарақты көрермен көп жиналды.

   Кеш шымылдығы құрылғанына  биыл ширек ғасыр толған «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің орындауында Мәменнің күйі «Ақжелеңмен» ашылды.  Одан соң әуезді кештің сәнін «Ағайша» «Тойбазар» әндерімен күміс көмей әнші Күләш Қуанышқалиева келтірсе, Дастан Есентеміров З.Сисенғали мен Д.Қажымовтың әні «Сағыныш сазы», Майра Хайдарова халық әні «Ахау керімді» орындағанда көрермен сілтідей тынды. Сондай-ақ Е.Хасанғалиевтің «Айналдым елім» әнін орындаған қос әнші Майра мен Күләштің өнері де көрерменді бей-жай қалдырмады. "Тырналар" әнін орындаған Жаңылсын Хасанова, "Жаным апа», «Жұмақ мекенім» әнімен Асыланбек Қуаналиев "Жұлдызым" әнімен Марат Сарбопеев пен Жаңылсын Хасанова көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ жиналған қауым даусы айрықша Еркін Өтегенов, Жаңылсын Хасанова, Дария Бақытова, Айдана Ажғалиева, Алтынбек Оразовтың да өнеріне тәнті болды. Ал «Назерке» би ансамблінің орындауындағы «Жайдары ойындары», испан, татар билері сахна шырайын ашты.

   Жоғары деңгейде өнер көрсеткен филармония ұжымын мерейлі мерекемен құттықтаған аудан басшысы Л.ХайретдиновАлғыс хат пен «Қамыс Самар» елінің жас таланттарының қолынан шыққан туындыны тарту етті.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале