20.10.2016, 10:35
Оқылды: 40

«Рухани келісім – бейбітшілік тірегі»

????????????????????????????????????

    Жыл сайын елімізде 18 қазан – Рухани келісім күні аталып өтіледі. Сол күнге орай Тасқала ауданында «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында «Рухани келісім – бейбітшілік тірегі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.


      Отырысқа аудандық мешіттің найб имамы Мұқамбет Семғалиев, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық бастамшыл тобының мүшелері, Тасқала ауылдық округінің қоғамдық келісім, ардагерлер, аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, жастар және білім, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова төрағалық етіп, жүргізіп отырды. – Көп ұлтты қазақстандық мәдениетке тән рухани бастамаларды нығайту, мемлекеттік саясаттың маңызды екенін атап өткен жөн. Бүгінде жаһандану заманында адами құндылығымызды бойымыздан жоғалтпай ұстау – біздің басты міндетіміз. Мұндай құндылықтарды көптеген халықтың бойынан табу қиын. Асыл адамгершіліктің арқасында бүгінде біздің елімізде тыныштық пен ынтымақтастық орын алды. Сондықтан біз үшін атаулы күннің маңызы зор, - дейді Айгүл Серікбайқызы өз сөзінде. Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ойлары мен ұсыныстарын білдірді.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале