21.10.2015, 12:14
Оқылды: 27

Рухани келісім туралы сөз болды

Нур ОтанБөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Рухани келісім - бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Аталмыш шараға аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдірахманов, қалалық Серафим Саровского шіркеуінің қызметкері Дмитрий Носков, Бөрлі ауданының құрметті азаматы Бақыт Окаева және мектеп оқушылары қатысты.

Рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, оқушыларға татулық, бірлік ұғымын түсіндіру мақсатында оздырылған шараға жиналғандар үлкен қызығушылықпен қатысты. Қайырымды болу, қамқорлық таныту, мейірімді болу сынды ұғымдарды тереңірек түсіндіріп, өз ойларын еркін жеткізе білген оқушылар түрлі тренигтерге де қатысты.

Қонақтар діни сенім бостандығы туралы түсінік беріп, ұлтаралық және дінаралық келісім жайында да сөз қозғады. Адамдардың бір-біріне деген қамқорлығының азайып бара жатқандығын баса айтқан қонақтар оқушыларды кішіпейіл болуға шақырды.

Шарада «Үміт» тұрғындарға психологиялық-заңгерлік көмек көрсету орталығының психологы Назгүл Меңдіғалиева мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың әдіскері Венера Асанова психологиялық тренингтер мен қайырымдылық тақырыбындағы түрлі бейнероликтер көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале