18.10.2016, 16:02
Оқылды: 102

«Рухани келісім – халықтар бірлігіне бастар жол»

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d0%b8%d1%81%d0%b8%d0%bc-%d0%ba%d1%83%d0%bd%d0%b8    Рухани келісім күніне орай қаламыздағы Достық үйінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

  «Рухани келісім – халықтар бірлігіне бастар жол» тақырыбында өткен шараға мемлекеттік орган, діни бірлестік, этномәдени орталық, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты.


Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов жиналғандарды Рухани келісім күнімен құттықтап, қазақстандықтар үшін бұл күннің маңызы зор екенін атап өтті. Елбасы өз Жолдауларында, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында ұлтаралық келісімге, бірлік пен біртектілікке жете мән беретініне тоқталды.

Облыстық ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов бұл мереке ел бірлігін, ұлтаралық, дінаралық татулықты одан әрі дамытуға үлес қосып келе жатқанын жеткізді. «Елімізде әрбір ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, жетілдіру, өздерінің төл мерекелерін атап өту үшін барлық бағдай жасалған,-деді Ғайса Қамидоллаұлы.-Бұл облысымызда да кеңінен көрініс тауып отыр. Осы бағытта өтетін түрлі шараларға барлық этномәдени орталық өкілдері ұйымшылдықпен қатысады. Содан болса керек, ұлтаралық байланысты нығайту турасында тұрғындар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға қатысқан батысқазақстандықтардың 91 пайыздан астамы өңірдегі ұлтаралық жағдайды оң бағалады».

Жиын барысында облыстық мешіттің найб-имамы Марат Асанов, Орал епархиясының өкілі протоиерей Владимир, рим-католик приходының Орал қаласындағы филиалының басшысы Петр Сакмар, христиан-пресвитериан шіркеуінің басшысы Светлана Крайникова, Яик-Орал казактарының одағының төрағасы Вячеслав Солодилов, «Грамада» беларус мәдени орталығының жетекшісі Михаил Беляев атаулы күнге орай өз құттықтауларын жеткізді.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале