12.05.2016, 19:49
Оқылды: 20

РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы В. Матвиенко мен ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ. Тоқаев жұмыс сапарымен облысымызға келді (Фото)

01     БҚО әкімдігінде өткен кездесуді Сенат Төрағасы Қ.-Ж.Тоқаев ашып, кеше екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған В.И.Матвиенконы наградасымен құттықтап, мұндай сапарлардың екі елдің байланысын одан әрі орнықтыруда маңызы зор екендігін атап көрсетті.


     Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов мәртебелі меймандарға «қош келдіңіз» айтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша мәлімет берді. Ресейдің Самара, Саратов, Орынбор, Астрахан және Волгоград сынды бес бірдей өңірімен шектесетін Батыс Қазақстан облысы шекаралас және достық қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өткеніндей, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы ынтымақтастық, тату көршілік пен достық тамыры тереңде, ғасырлар қойнауынан бастау алады. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысы да көршілес аймақтармен өндіріс пен сауда, мәдениет, ғылым мен білім және басқа салаларда табысты байланыс жасауда. Өңірде сексеннен астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде, түрлі мерекелерді бірге атап өтеді, әрқайсысының өз тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, дамытуына толық мүмкіндік бар. Ұлтаралық келісімді нығайтуда Қазақстан Президенті басшылық ететін Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқарып келеді.  Өңірдің экономикалық әлеуеті жоғары. Еуропа, Ресей, Қытай және басқа елдерден келетін тауарлар тасқыны Батыс Қазақстан арқылы өтіп, өнеркәсіптің, шағын және орта бизнестің дамуына игі ықпал етуде. Жаһандық өзгерістерді ескергенде, Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігіне көз жете түседі. Тек өткен жылы ғана БҚО-ның Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы 433 млн. долларды құрады. Қазіргі кезде облыста ресейлік кәсіпкерлердің қатысуымен сауда, тасымалдау және өндіріс саласында екі жүздей кәсіпорын тіркелген. Соның ішінде ұн және макарон өнімдерін өндіретін «Мартин» АҚ, металл өнімдерін шығаратын «КазАрмаПром» АҚ, сорғы-компрессор тұрбаларын өндіретін «КазТрубпром» ЖШС сынды бірлескен кәсіпорындарды бөліп айтуға болады. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы өсіп, бұл 254 тонна сиыр еті, 7500 бас ірі қара, 1326 тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын құрады.

02

    Валентина Матвиенко өз сөзінде Қазақстанға жұмыс сапарының жемісті болғанын, ендігі мақсат екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету екендігін жеткізді. Бұл ретте Қазақстанда мемлекеттік реформалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда оң тәжірибелер жинақталғанын атап өтті.

03

В.Матвиенко жұмыс сапары барысында Достық үйінде Батыс Қазақстан облысындағы этномәдени бірлестіктер жұмысымен танысып, өкілдерімен кездеспекші. Сондай-ақ Орал қаласының көрікті жерлерінде болмақшы.

04

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале