19.04.2016, 16:03
Оқылды: 23

Рәміздердің қолданылу талаптарының орындалуын тексерілді

Bokei ordasi ramizder talapka saima     Бөкей ордасы ауданына іссапармен келген облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру бөлімі басшысы Гүлдана Аргенова мен метрология департаментінің бас маманы Медетбек Елеусізов білім, мәдениет ошақтарымен қатар біраз мемлекеттік мекемелерде болып, рәміздердің  қолданылу  талаптарының орындалуын тексерді.


     Қорытындысын аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваның басшылығымен өткен аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияда аудандағы  мекеме,  мектеп, колледж басшыларының қатысымен талқылады.

     Басқосуды қорытындылаған Лариса Тельманқызы мекеме басшыларына көрсетілген сын-ескертпелерді шұғыл түзетіп, оның болашақта қайталанбауын тапсырды.

www.zhaikpress.kz

К.ҒАЙСИН.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале