4.06.2015, 17:41
Оқылды: 34

Рәміздерім – ел мақтанышы!

Zelenov ramizder kyni veloМемлекеттік рәміздер – бұл елдің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Ұлттық рәміздер халықтың өткені және болашағы арасындағы сабақтастықты жалғап, елдің рухын, ұлттың санасын, даналығын дәріптейтін болашаққа деген асыл арманын, үмітін айшықтайтын ерекше қастерлісі.

Жыл сайын 4 маусымда аталып өтілетін осы атаулы күн уақыт өткен сайын халықтық сипаты басым, патриоттық тәрбие мәнеріндегі шараға айналып келеді.

Зеленов ауданында мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шараға жиылған жұртшылық пен арнайы ұйымдастырылған велошеруге қатысушы аудан жастары орталық алаңда сап түзеп, Мемлекеттік гимн шырқалды.

Көгінде көк туы желбіреп, бейбітшілік салтанат құрған, әлем алдында абыройы асқақ тұрған еліміздің тарихи маңызы басым айтулы мерекесінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүнісова сөз алды.

– «Қазақстан – 2050» Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде айқындалған. Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бүгінде әр қазақстандық ұлтына қарамастан қазақ жерін қасиетті мекені, тағдыры ортақ, баянды болашағы бір екенін түсінгені абзал-дей келе, велошеруге қатысушы жастарға сәттілік, табыс тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жеткен Рахматуллиннің ақжарма құттықтауынан соң велошерушілер жол тартты. Көк байрақты желбіретіп, ауыл тұрғындарын патриоттық шараға үн қосуға шақырған шерушілер оралғанша алаң сахнасынан аудан өнерпаздары ұлт рухын асқақтатқан әндерді әуелетті. Жоспарлы межені жүріп өткен шерушілерді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анатолий Сигунов құттықтап, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұржан Ешмұратов қоғамдық шараларда белсенділік таныта білген жастар мен ұжымдарға алғыс хат табыстады.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр   

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале