4.06.2016, 12:40
Оқылды: 31

Рәміздер - елдігіміздің бойтұмары

Screenshot_2016-06-04-12-54-51-1Шыңғырлау ауданының орталық саябағында 4 маусым- Мемлекеттік рәміздер күніне арналған митинг өтті. Митингке аудан әкімі Альберт Есалиев, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім басшылары, аудан тұрғындары мен жастар қатысты.


Елдігіміздің, егемендігіміздің, еркіндігіміздің басты белгілері –Рәміздердің мемлекетіміз өміріндегі мәртебелі орны, жоғары құндылығы туралы айтылған, әндер шырқалған шарада аудан әкімі А.Есалиев құттықтау сөз сөйлеп,туған елдің байрағының оның ұлдарына әрқашан қайрат, рух беретінін, біздің бабаларымыздың аманаты, кешегі батыр ұл-қыздардың алып берген Тәуелсіздігі, біздің елдігіміздің бойтұмары –мемлекеттік рәміздер біздің басты байлығымыз, көздің қарашығындай сақтар асыл қазынамыз екендігіне тоқталды.

Screenshot_2016-06-04-13-03-35-1Бұдан соң ауданның «Құрметті азаматы», зейнеткер-ұстаз Б.Сапаров жас ұрпаққа ел Тәуелсіздігінің маңызын, бүгінгі бейбітшілік пен татулықтың бағасын айта келіп, Отанға деген мақтаныш, қазақ халқының қанымен, жанымен келген келген Тәуелсіздік атты құндылықты қадірлеу, қорғау осы рәміздерді құрметтеу, Отанды сүю деген ұғымдардан, азаматтық ұстанымдардан басталатын атап өтіп, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

Шара соңы оқушылардың ел Тәуелсіздігі, рәміздер туралы өлең жолдарын оқып, көпшілік болып Əнұранды шырқауға ұласты.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале