4.06.2015, 17:36
Оқылды: 21

Рәміздер мерекесі күні бойы тойланады

Sirim ramizder kyni   Бүгін  - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні. Бұл мерекелік күні Сырым ауданында патриоттық акциямен басталды. Жымпитыдағы орталық алаңға жиылған тұрғындар бір мезгілде ҚР Мемлекеттік Гимнін орындады.

Дәл қазір осы мерекеге орай аудан орталығындағы автобекетте белсенді жастар автокөлік иелеріне мемлекеттік рәміздердің бейнесі бар парақшалар таратуда. Бұл – мейрамның маңыздылығын насихаттаудың жақсы түрі.

Осы сияқты Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қызметкерлері аудан тұрғындары арасында«Рәміздер тарихы – Тәуелсіздік тарихының бастауы» атты бейнесауалнама жүргізуде.

Бүгінгі күнге балалар арасындағы асфальтқа сурет салу байқауы мен жалпыхалықтық велошеру өткізу жоспарланған. Мереке кешкісін концерттік бағдарламамен қорытындыланады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале