4.06.2015, 12:44
Оқылды: 15

Рәміздер – ұлт мақтанышы

V9ooZOE0qV04 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай Жалпақтал ауылының орталық саябағында салтанатты іс-шаралар өтті.

Мемлекеттік  рәміздердің  әрбір  қазақстандықтың жүрегінде алатын    орнына   тоқталған Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Данияр Қайратов «Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаћармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Біз, Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары, бұл күндері бүкіл еліміз болып сүйікті Гимнімізді шырқаймыз, Туымыз бен Елтаңбамызды мақтан етеміз. Біз болашақта бұдан да бай, қуатты елде өмір сүретінімізге сенімдіміз. Ендігі тілек бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып, Тәуелсіздік туы желбірей берсін. «Менің Қазақстаным» атты Әнұранымыз әрбір қазақстандықты бірлік пен татулыққа үндей берсін. Тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз бостандықтың, жарқын өмірдің символы бола бергей»,-деді ауыл әкімі.

Мұнан кейін аудандық киножүйесі мекемесінде «Мемлекеттік рәміздер» атты фильм көрсетілді. Бұл кинолентада тәуелсіздігімізді паш ететін Отанымыздың Туы, Елтаңбасы, Әнұраны жөнінде жеке-жеке айтылып, рәміздердің қабылдауына себеп болған ұлттық таным мен олардағы салт-дәстүрлік ерекшеліктерге жан-жақты түсінік берілді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале