19.02.2015, 15:35
Оқылды: 13

Сайлау өткізу – өзекті мәселе


 Сейсенбі күні Қазақстан халқы Батыс Қазақстан облысы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея жанындағы «Дос» қоғамдық қорының төрайымы Вера Шохина баспасөз мәслихатын өткізді.


 - Ассамблея кеңесінде айтылған Елбасы сайлауын өткізу ұсынысын бірден қолдадым. Әрине, сұрақтар көп болады. Елбасы мен Парламент сайлауын бір жылда өткізу бюджетке оңай тимесі анық. Себебі сарапшылардың айтуынша, әлемдік экономикалық дағдарыстың шарықтау шегі 2016 жылға дөп келмек.

Елбасының саясаты арқасында еліміз әлемге бейбітшілік пен достықтың, тұрақтылық пен ынтымақтың үлгісі болып келеді. Ассамблеяның барлық сессияларына қатысып келемін. Оған қатысқан шетелдік сарапшылардың пікірінен Елбасының әлемдік барлық қауымдастықты мойындатқанын ұқтым.

Ойыма оралып отырған бір мысалды айта кетейін. Біздің этно-мәдени бірлестіктің мүшесі Ольга Смакова екінші дүниежүзілік соғысы кезінде бес жасында беларус елінен эвакуацияланған екен. Бүгінде ұрпағын өндірген ана, табысты кәсіпкер, қоғамдық шараларда да белсенді оны облыстағы іскер әйелдердің көшбасшысы деуге болады. Сол Ольганың: «Шетелдегі достарыммен кездескенде кеудемді Қазақстан үшін мақтаныш сезімі кернейді. Себебі біздің елде кез келген адамның өзін жетілдіріп, алға ұмтылуына жағдай бар» дегені бар. Иә, тек қана бейбіт елде алға даму бар. «Дос» қоғамдық қоры көршілес елдердің этномәдени бірлестіктерімен, қазақ автономияларымен тығыз байланыста. Олардың бәрі де қазақстандық үлгіні – ассамблея жұмысын өнеге қылуда. Еліміздің осы ұстанған саясатымен әлемнің озық еліне айналуын тілейміз және оған барынша өз үлесімізді қосамыз, - деді жиында Вера Кузьминична.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале