9.09.2015, 11:05
Оқылды: 18

Сайыс алаңында – отбасылар

Akjayik sayis alaninda otbasilar    Ақжайық ауданында Отбасы күніне орай "Ақжайық өрендері" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, "Жігер" спорт клубы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қолдауымен "Толағай" жас отбасылар сайысы өтті.

Мұнда ауданымыздың Ақжол, Қабыршақты, Бударин, Мерген, Жаңабұлақ ауылдарынан келген жас үйермендер "Таныстыру", "Кім шапшаң?", "Кім озық?" "Ептілік", "Кім білімді?" "Кенгуру" кезеңдері бойынша өнерлерін ортаға салды. Жас жанұялардың бірлігін бекемдеу, олардың арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен бұл бәсекелер қорытындысында будариндік Дархан Ибраев пен Әсел Тілеужанованың отбасы жеңімпаз танылды. Бұл отбасы бұдан бұрын да ауданымызда осындай байқауларда озық шығып, облыстық сайыстарда шыңдалып келеді. Жаңабұлақтық Нарынбай Молдашев пен Лаура Досқожаның үй іші ІІ, қабыршақтылық Әділбек Темірболатов пен Әсел Қанатовтың үй іші ІІІ орынды иеленді. Ілбішін ауылынан келген Ақболат Селбаев пен Назым Ғұмарова отбасы жан-жақтылығымен ерекшеленді. Ақболат пен Назым күні кеше аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен «Үздік жас отбасы» байқауында өнерімен танылған еді, енді міне, олар спорттық қырынан жарқырап көрінді.

Жиналғандарды құттыған жастар ұйымының төрағасы Біржан Кухаев барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырды. Шараның өтуіне атсалысқан азаматтарға Алғыс хаттар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале