18.12.2015, 21:15
Оқылды: 13

Сайқындағы Тәуелсіздік күнгі тарту

 Janibek tauelsizdik kyngi tartu   Сайқындағы Тәуелсіздік мерекесіне арналған шаралар аудандық Мәдениет үйі адындағы алаңдағы шағын жиыннан басталды. Онда сөйлеген аудан әкімі Н.Рахымжанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, Елбасымыздың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы жайында да қысқаша айтып өтті.


Нұрлан Сағынтайұлы Тәуелсіздік, Тыныштық, Тәртіп сөздерінің мәнін қозғап, тәптіп сақшыларына жүктелер міндеттерге ойысты. Аудан әкімдігі атынан аудандық ішкі істер бөліміне су жаңа «УАЗ» автокөлігі («таблетка») мен жылдамдық өлшегіш құрылғы (радар) табыс етті. Бөлім бастығы, полиция полковнигі Абай Алдабергенов көрсетіліп жатқан қамқорлығы үшін ризашылығын білдіріп, жеке құрамның халық сенімін ақтау жолында еселенген жігермен қызмет ететіндеріне сендірді.

www.zhaikpress.kz

К.ҒАЙСИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале