19.08.2016, 13:05
Оқылды: 29

Сайқын ауылында «АқТау» дүкені ашылды

duken  Сайқын ауылында кәсіпкер Ақлима Ишанованың «АқТау» жеке дүкенінің ашылу салтанаты оздырылды.

   Жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов іскер  жанұяның отбасылық бизнестеріне табыс тілесе, аудандық кәсіперлер палатасы филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова, ауыл тұрғыны, ақ жаулықты ана Зура апа Тәшімова игі бастамаларына құтты болсын айтты.


    Дүкен есігіне керілген лентаны қию құрметі аудан басшысы Нұрлан Сағынтайұлы мен көршілері Зура әжейге бұйырып, артынша ішке енген жамағат азық-түлік, шаруашылық тауарларының құнымен танысты. Ауыл имамы Назымбек Иманғалиев құран оқып, көпшілік ақ пен бауырсақтан ауыз тиді.

   Айта кетелік, дүкеннің «АқТау» атауы ұл-қыздардың ата-анасы Таупих пен Ақлима есімдерінің алдыңғы буындарынан шығарылған екен. Ал, сатушысы аталмыш шаңырақтың келіні, яғни, Талғат Тұралиевтің жолдасы Айман Асанғалиева.

Г.Баделова

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале