26.11.2015, 12:30
Оқылды: 22

Сайқұдықтағы коопоративтің сенімді қадамы

Akjayik saikydik  Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылындағы (Құрайлысай ауылдық округі) құрылған «Сайқұдық-КБГ» кооперативінде 47 ауладан 253 аналық мал бағылуда. Тұрғындар өз арызы бойынша осы құрылған қауымдастыққа мүше болған. Барлық малдың құжаттары талапқа сай жинақталған. Онда малдың жасы, бұған дейінгі ветеринарлық байқастаулар қорытындысы, сырға нөмірі, т.б. көрсетілген. Мүшелерінің ұйғарымымен оның төрағалығына, ауыл азаматы Асхат Әбдешов ал бақташы болып Мейірман Ақмұқашев бекітілген. Әр бас малға мемлекеттік демеуқаржы бойынша 18 мың теңгеден ақша түскен.


Бұл 4 млн. 550 мың теңге құраған. Оған 350 мың теңгеден 9 бұқа сатып алынды. Осы аталықтар Теректі ауданындағы республикаға танымал асыл тұқымды «Ақас» шаруа қожалығынан алынған. Ал қазынадан әр бұқа үшін 154 мың теңге қайтарымсыз демеуқаржы төледі. Міне, осы қаржы арқылы СТК өз жұмысын бастап отыр.

Аталық малға қорекке жемшөп алу да осы қаржы есебінен бөлін-ген. Қаржының жұмсалуы жөнінде жылына 2 рет СТК мүшелері алдында төраға есеп береді. Әрине, СТК заңды тұлға ретінде әділет департаментінде тіркелген.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале