17.11.2015, 17:19
Оқылды: 35

Сайқұдықтағы шаттық

Akjayik Saikydiktagi shattik   Осыдан ай жарым бұрын Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіндегі  Сайқұдық ауылында көгілдір отынның тұңғыш алауы тұтатылған еді. Содан бері мұнда 12 тұрғын үй газдандырылды. Ал апта басында 2010 жылы салынған жаңа Мәдениет үйі газбен жылытыла бастады.

Бұл үшін тұрғындардың қуанышы шексіз.  Алдағы уақытта тұрғын үйлерді осы арзан отынмен қамту, медпунк, кітапхана, мектеп ғимараттарын көгілдір отын желісіне қосу орындалатын болады.

www.zhaikpress.kz

Айқын САҒЫНТАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале