30.10.2015, 14:29
Оқылды: 50

Сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

 

сырым алеуметтикАудандық Мәдениет үйінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті.

Халықты жұмыспен қамтып, ардагерлер мен мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғап, зейнетақы мен бала дүниеге келуіне байланысты оған жәрдемақы төлеп, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындап, қарттар мен мүгедектерге үйден арнаулы қызмет көрсету сынды аса ауқымды қызметті атқару осы сала қызметкерлерінің мойнына жүктелген. Бүгінгі таңда 80-ге жуық қызметкер ауданымыздың әлеуметтік қорғау жүйесінде еңбек етіп келеді.

Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Әнуар Ғалымов әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің атқарып отырған қызметтері орасан зор екендігіне тоқталып, жемісті еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерлерді сахна төрінде марапаттады. Кәсіби мереке иелеріне деген құрмет сазды бағдарламамен жалғасты.

www.zhaikpress.kz

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале