27.05.2015, 9:12
Оқылды: 29

«Салмақты» кемелер жобасы басталады

Zenittt    Отандық экономикадағы жаңа сала кеме жасаудың қыр-сырын меңгерген «Орал «Зенит» зауыты» АҚ компаниясы жаңа инвестициялық жобаны қолға алды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-турда мәлім болды.

Компанияның бас директорының бірінші орынбасары Виктор Гарчевтің айтуынша, жобаның бірінші кезеңіне компанияның өз қаржысы есебінен 400 милион теңге жұмсалады. Жоба бойынша су ығыстырымдылығы 600 тонна болатын салмақты кемелер шығаруды бастайды. Мұндай кемелер теңіз күзетіндегі су көліктерін керек-жарақпен қамтып, жабдықтаушының қызметін көрсетеді.

Қазір «салмақты» кеме жасайтын цех ғимараты қайта құрудан өтуде. Корпус қажетті әлеуетті крандармен, жабдықтармен, плазмалық кесу, металл майыстырғыш құрылғыларымен жабдықталмақ.

  • Зауытта күні бүгінге дейін 23 кеме жасалды. Кәсіпорын кемелерді жасап, суға түсіреді, бірақ мұнымен іс бітпейді. Кепілді мерзім ішінде және одан кейінгі уақытта да сол кемелерге қызмет көрсетеді. Су көліктерінде ақау шығып жатса, жөндеуге қабылдайды, -деді Виктор Гарчев.

Кәсіпорында 1000-ға тарта адам жұмыс істейді. Еліміздің қорғаныс саласынан  екі кемеге тапсырыс түскен. «Барыс» желісімен құрастырылатын бірінші кеме  алдағы 2016 жылдың сәуір айында конвейерден шығып, суға түсірілмек.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале