30.09.2016, 19:57
Оқылды: 29

Салтанат сарайында ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті

 %d0%bc%d0%b5%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d1%96%d0%ba-%d0%ba%d0%b5%d1%88  Салтанат сарайында ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті. Оған ардагер ұстаздар және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Қала әкімі Нариман Төреғалиев  және қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады.


  • Құрметті ұстаздар, кәсіби мерекелеріңізге арналған балға қош келдіңіздер! Бұл мейрамды сіздердің ортаңызда тойлау мен үшін қуанышты жағдай. Қаламызда 3664 мұғалім білім беруде, олардың 88 пайызы жоғары білімді екен. Биыл қалалық білім беру саласының бюджетіне 13 млдр. 400 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Тәуелсіздік алғалы қала бойынша 13 жаңа мектеп, 22 балабақша салынған. Білім беру саласына жаңа толқын, жас мамандар келді. Ширек ғасырда бірталай өзгерістерге куә болдық. Елдің жетістігін арттыру үшін білімді ұрпақ дайындап жүрген ұстаздарға басымды иемін, - деді шаһар басшысы.

Шара барысында «Тәуелсіздікпен құрдас білім ұйымы» аталымы бойынша осыдан 25 жыл бұрын ашылған  №35 мектеп-лицейі, №26 мектеп және №27 «Жігер» балабақшасы марапатталды. Сонымен қатар «Мерейлі жас», «25 жыл біліммен қанат қаққандар», «Мұғалімдер отбасы», «Оқушының жетістігі - ұстаздың еңбегі», «Тәуелсіздік құрдастары» атты аталымдар бойынша марапаттаулар болды.

 

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале