10.10.2016, 17:11
Оқылды: 19

Салымшылар қаражатына салынған үйдің қабырғасы қақырады

 %d1%82%d2%b1%d1%80%d2%93%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b1%d1%96%d1%80%d1%96%d0%bd%d1%96%d2%a3  Орал қаласындағы «Жаңа орда» шағынауданында орналасқан №9 үйдің қабырғасына сызат түсіп, сыртынан жарық пайда болған. Мән-жайды аталмыш үйдің тұрғындары айтты.


  -Бұл үйдің қаңқасы негізі монолиттен тұрғызылған. Жарылған - жетінші және сегізінші қабаттар. Сыртындағы қаланған тасын ауыстырды. Үйдің ішіне ешқандай әсер етпеді. Үйді салған «Болашақ» компаниясы бұл жөндеу жұмысын екі күнде толығымен аяқтады. Жарылған тастарды алып тастап, әсіресе үйдің бұрышын қайта қалады-деді аты-жөнін айтудан бас тартқан сегізінші қабат тұрғыны.

   Бұл тұрғын үй «Тұрғын үй жинақ банкі» салымшыларының қаражатына салынған үй болатын. Пайдалануға берілгеніне 3-4 жыл ғана уақыт өткен.

Ә.Кереев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале