Жылдың 5 айында Ақжайық ауданы бойынша кірістер басқармасынан әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде 105 іс өтті. Салық есептілігін мезгілінде тапсырмағаны үшін 8 заңды тұлға, басқасы шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер болып табылатын олардың алтауына жалпы сомасы 386490 теңге айыппұл салынып, өндірілді.
Басқалары әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасап тұрғандықтан, оларға ескертілді. айта кетейік, былтырғы осы кезеңдегі мұндай әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл сомасы 336620 теңге болған-ды.
Болат ҚОСЖАНҰЛЫ
Ақжайық ауданы