1.04.2016, 16:42
Оқылды: 17

Салық – мемлекет дамуының негізгі көзі

 Janakala salik    Жаңақала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен салық саласындағы өзгерістерді, соның ішінде  тіркеу процедурасын, арнайы салықтар мен басқа да режимдерді, табысты жасыру салдарын, жалпыға ортақ декларациялауға көшу мен мүлікті заңдастыру жөніндегі шаралар тәртібі және кеден саласындағы өзгерістер туралы ауыл тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


      Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы Р.Гумаровтың басшылығымен өткен шараға аталмыш  бөлім қызметкерлері ат салысып, ауданымыздағы сауда үйлері мен жеке кәсіпкерлерге салық саласындағы жаңа заңдар мен өзгерістерді таныстырып, түсінік жұмыстарын жүргізсе, оларға қолдау көрсеткен  Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың белсенді жастары аудан тұрғындарына «қосылған құн салығы», «салық төлеушілерге көмек», «электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі», «пәтерді жалға берушілерге көмек» және «мүлікті сату кезінде салықтық міндеттемені орындау»  туралы  түсіндірме бүктемелерін үлестірді. Бөлім басшысы Р.Гумаровтың айтуынша бұндай түсіндіру жұмыстары тек аудан орталығында ғана емес, сондай-ақ ауылдық округтерде де  жоспарға сай,  ай сайын өткізілмек.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали САҒЫНҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале