29.10.2015, 18:42
Оқылды: 25

Салық төлеуге салғырт қарама

салыкБүгін Қазталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Жанар Мұқанова Жалпақтал ауылының мәжіліс залында ауылымыздың кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуге бөлімнің мамандары, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин қатысты.

Кездесу барысында бөлім басшысы Жанар Талапқызы алкольдік ішімдік сатуда арнайы лицензия, кассалық аппарат болу керектгін ескертіп айтты. Жиында кәсіпкерлер өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

-Халық қазынасы салықтан құралады. Осыны біле тұра салық төлеуге салғырттық танытамыз. Кейбір тұрғындар көлік иелері темір тұлпарларына тиісті салығын төлемеген. Сонымен қатар үй мен жер салығын төлеуде де кемшіліктер бар. Ортақ қазан ортаймасын десеңіз, салықты дер кезінде төлеген дұрыс,-деген бөлім басшысы ай сайынғы есептерін дұрыс тапсыру керектігінде айтып өтті.

Мұнан кейін бөлім басшысы Жанар Талапқызы кәсіпкерлерді жекелеген сұрақтар бойынша қабылдау жүргізді. Сонымен қатар ауылымыздағы азық-түлік, киім-кешек дүкендерін аралады.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале