27.11.2015, 10:41
Оқылды: 23

«Салық төлеушілер ДСҰ жұмысына дайын болуы керек»

Aiisha DSY    Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп семинар ұйымдастырды. Кедендік төлемдерді әкімшіліктендіру жағдайын түсіндіру мақсатында өткен шараға сала мамандары мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

   Жиынды жүргізген облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Қайдаров  жиналғандарды күн тәртібімен таныстырды.   


 

- Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін еркіндік қағидаларына қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу Қазақстанның экономикалық өрлеуі, жаңғыруы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін аса маңызды.  Қазақстан ДСҰ-на мүше болу туралы өтінішті 1996 жылы берді.  Содан бері, осы бағытта үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан ел Үкіметі жақында ғана ДСҰ-ға мүше болу жөніндегі келісім үдерісін сәтті аяқтады. Шілде айының аяғында ДСҰ-ның Бас Кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Бұйырса, еліміз 2015 жылдың желтоқсанында ДСҰ-ның  толық мүшесі атанбақ.

Қазақстан ДСҰ-ға кіру үшін 19 жыл бойы жұмыстанды. Соның нәтижесінде біздің еліміз 3877 тауар түріне Кедендік баж ставкасын  төмендетуге қол жеткізді, оның ішінде дәл қазіргі уақытта 1347 тауар түріне Кедендік баж ставкасы төмендетілген. Қалған бөлігі 2020 жылға дейін жүзеге асырылмақ. Қазіргі таңда ЕЭО елдерінің арасында төмен бағалы тауарлар мәселесіне байланысты келіссөз жүріп жатыр. Бұл жұмыс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Осыған орай, салық төлеушілер ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін шот-фактурасын электронды түрде толтыруға дайын болуы тиіс. Ол үшін бизнес өкілдері электронды сандық кілтке ие болуы тиіс,- деген Бауыржан Наурызғалиұлы жиналғандардан бұл жұмысты тездетіп аяқтауды.

Алғашқы сөз кезегін алған Тауар номенклатурасы және Кедендік құн басқарма басшысы Сағида Шәкенова қатысушыларға Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің Кедендік  аумағындағы тауар тасымалына қатысты заңдылығын түсіндірді. Оның сөзінше, еліміз ЕЭО құрамындағы мемлекеттерге алыс шетелден арзан бағамен келген тауарларды тасымалдамауға міндеттенген. Ал егер ондай тауарлар біздің елден тасымалданған жағдайда, төмен ставкамен алынған тауарлар бірыңғай Кедендік тарифпен жіберілуі тиіс, яғни баға айырмашылығы теңестірілуі керек. Екіншіден, кәсіпкерлер  өз тауарларын ЕЭО елдеріне экспортқа шығарған жағдайда,  құжаттарын өздерімен бірге алып жүруі тиіс. Ондай құжаттарға тауар туралы мәлімет және олардың саны, Кедендік декларация нөмірі мен Кедендік декларация бойынша тауардың тәртіптелген нөмірі, сондай-ақ, тасымалданған тауарларға Кедендік баж салығын бірыңғай Кедендік тарифпен төлегендігі туралы анықтама. Бір ескеретін жағдай, тауар тасымалдаушылар ЕЭО-ға мүше елдердің талаптарын орындамаған жағдайда, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сағида Аманқосқызының сөзін толықтырған Кедендік бақылау басқармасының жетекшісі  Қайрат Кенжеғожин ветеринарлық-саннитарлық шаралар жөнінде баяндады.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале