16.02.2016, 10:23
Оқылды: 24

Сапарда автопойыз

Akjayik avtopoyiz  Облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің тапсырмасы бойынша, жергілікті тұрғындардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбекақы мәселелері бойынша жеке қабылдаулар ұйымдастыру, зейнетақы мәселесі, мүгедектерге жәрдемақы төлеу, «Өрлеу» бағдарламасын жүзеге асыру және «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысу, т.б. мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіру жөнінде жер-жердегідей, Ақжайық ауданында автопойыз Құрайлысай, Көнеккеткен, Қарауылтөбе және Есенсай ауылдық округтерінде болды.


«100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының маңыз-мұраты туралы әңгімемен қатар тұрғындардан сұрақтар бойынша автопойыз құрамындағы Әділет басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі бөлім, ауылшаруашылық бөлімі, аудандық орталық аурухана, қоғамдық ұйымдар, басқа да салалар өкілдері сұрақтарға жауап берді. Автопойыз сапары аясында жергілікті көркем өнерпаздар жиналғандар алдында концерт берді. 20 наурыздағы сайлауға белсенділікпен қатысу жайында да әңгіме болды.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале