11.08.2015, 19:48
Оқылды: 15

Сарайшыққа сапарлады

550Ақжайық ауданындағы Сарытоғай ауылының әкімі Абзал Әлжан ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Қабдоллашев бастаған 7 қарияның Атырау облысындағы әйгілі Сарайшық шаһарына барып, көне тарихымызбен егжей-тегжейлі танысып келуіне жағдай жасады.

Ауылдан 190 километр жердегі Сарайшықтан ғасырлар жаңғырығына қанығып, әлемге мәшһүр әйгілі жәдігерлерді көріп, хандарымыздың басына тәу еткен ардагерлер бір жасап қалды. Олардың арасында біреуінен басқасы бұрын ол жақты көрмеген екен.

«Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл сапардан әсерлерін олар тұрғындарымызға арнайы кездесулерде әңгімелейтін болады»,-дейді А.Әлжан.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале