22.04.2016, 19:15
Оқылды: 29

Сарбаздар қатарын толықтырмақ

 Shingirlau Sarbaz      Шыңғырлау ауданында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына жастарды әскерге алу науқаны басталып кетті. Үстіміздегі мамыр-маусым айларында жан-жақты дәрігерлік тексеруден өткен 36 жас ауданымыздан республика аймағындағы әскери бөлімдерге аттанбақ. Бүгінгі күні денсаулықтарынан кәнірат табылмаған 4 сарбаз  еліміздің шекарасын қорғауға аттанып та кетті.


      -Жастарды әскерге шақыру маусым айының соңына дейін жалғасып, келесі жастар легі Қорғаныс істері және Ұлттық гвардия  сапында әскери қызметін атқару мәртебесіне ие болмақ,- дейді аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы Оралбек Қарашолақов.

  www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ботанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале