29.04.2016, 12:23
Оқылды: 30

«Сарбаз» кемесі суға түсірілді (видео)

Akimmmm keme         Бүгін Орал қаласында «ҰК «Қазақстан инжиниринг» АҚ құрамына кіретін «Орал зенит» зауыты» жасаған «Сарбаз» кемесі суға түсірілді.

     Салтанатты шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстанның ҰҚК қызметінің басшылары, «Жағалау күзеті» аймақтық басқармасының және «Батыс» аймақтық басқармасы, сонымен қоса Қарулы күштер ардагерлері, жергілікті басқару органдары өкілдері, «Зенит» зауыты ұжымы мен «Сарбаз» кемесі экипажының жеке құрамы, қала тұрғындары қатысты.

     –Бүгін барша қазақстандықтар үшін айтулы күн. Мемлекетіміздің беріктігін арттыратын тарихи оқиғаға куә болып отырмыз. Қазақстан қарулы күштері үшін ел тыныштығын сақтау– зор жауапкершілік. Сонымен қатар, «Зенит» зауыты қорғаныс қуатын арттыруға үлкен үлес қосуда. №5 «Сарбаз» кемесімен аттанғалы отырған шекара сақшыларына ақ жол тілейміз!- деді облыс әкімі Алтай Көлгінов

Akim02

   Тәуелсіздік алғалы өзінің 24-ші кемесін шығарып отырған кәсіпорын үшін «Сарбаз» кемесі мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін жасалған осы санаттағы бесінші кемесі. Кеменің ерекшелігі - заманауи артиллериялық құрылғылармен және қашықтықтан басқаратын жауынгерлік модульмен, радиотехникалық қарумен жабдықталған. Одан басқа суасты диверсиялық қауіп-қатерлерді, жауынгер жүзушілерді қоса анықтау және олармен күресу үшін құралдар қарастырылған.

     Суға түсірілген соң кеме Жайық өзені арқылы Каспий теңізінде ел шетін күзетуге қызмет ететін болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале