29.07.2016, 16:01
Оқылды: 25

Сарықұдықтағы қос қуаныш

САРЫҚҰДЫҚТАҒЫ ҚОС ҚУАНЫШҚазталов ауданының Талдыапан ауылдық округіне қарасты 330 тұрғыны бар Сарықұдық елді-мекені қос қуаныштың куәсі болды.


Аталмыш жерде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы ашылды. Оған 1 280 000 теңге қаражат жұмсалды. Сарықұдықтық балалар үшін бұл қуанышты жаңалық болды. Балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында іске қосылды. Бұл құрылыс жұмыстарын Бекнұр Қыдырашев жетекшілік ететін «Бөкейхан» жеке кәсіпкерлігі жүргізген. Салтанатты ашылуында Талдыапан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бауыржан Үмбетқалиев, аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбай Жолдыбаев, жеке кәсіпкер Еркебұлан Ержанұлы, ауыл тұрғыны Айбек Майжанов өздерінің құттықтау лебіздерін білдіріп, осындай жақсы істердің куәсі бола берейік деген тілектерін айтты.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Еркебұлан Ермұханов өз атынан балаларға футбол добын сыйға тартты.

Ашылу салтанатынан кейін Талдыапан, Сарықұдық жастары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу оздырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ
Талдыапан ауылы
Қазталов ауданы
www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале