18.03.2016, 11:35
Оқылды: 26

Саябақтағы көлік көрмесі

Saiabaktagi   Орал қалалық мәдениет  және демалыс саябағында қысты шығарып салуға арналған Масленица мейрамы өтті.

Аталмыш мереке түрлі қызықтарға толы болды. «Орал-Кров-Авто плюс» автомобиль компаниясының көмегімен түрлі маркадағы жеңіл автокөліктер көрмесі өтіп, оған қоса келушілер құймақтан, түрлі тағамдардан дәм татты.


Аталмыш компания бұл жолы қала тұрғындары үшін сүйікті көлікке айналып үлгерген Renault Duster және Sandero Stepway маркаларымен қоса, Қытай елінен шығарылатын Lifan X60 және Lifan X50 автокөліктерін ұсынды. Сондай-ақ Қазақстандағы су жаңа бренд – Chery Tiggo және Chery Bonus маркалары көрмеге келушілердің қызығушылығын тудырды.

- Бұл жаңа көліктердің бағасы мен сапасы бір-біріне сәйкес келеді. Chery көліктері Қытайда Форд технологиясы бойынша құрастырылады. Chery Bonus-тың нарықтағы алғашқы бағасы 2 850 000 теңгені, Chery Tiggo 3 765 000 теңгені құрайды. Lifan мен Chery автокөліктеріне кепілдік 5 жылға беріледі. Бұл автокөліктерге қол жеткізу үшін 10 пайыз алғашқы жарнаңыз болса, 7 жылға дейін несиеге беретін “Сбербанктің” атынан арнайы бағдарлама жұмыс жасайды. Ал Renault автокөлігі үшін наурыз айынан бастап «Еуразиялық банкте» несиелеу бойынша жеңілдетілген бағдарлама іске кірісті. Атаулы мөлшерлеме 0,1 пайыз, алғашқы жарна 10 пайызды құрап, несие 7 жылға дейін рәсімделмек. Одан өзге 2015 жылғы және 2016 жылғы автокөліктердің бағасында 1 млн. теңге айырмашылық бар, - дейді «Орал-Кров-Авто плюс» автомобиль компаниясының аға бренд-менеджері Әсем Қазиева.

Сонымен қатар компания клиенттерге қызметтің жаңа түрін ұсынады. Бүлінген аутокөліктерді тегін бағалау қызметі ұсынылады.

Ол үшін аутокөлік қайтара бұзылған жағдайда осы компанияның сервисіне жүгіну шарты қойылады. Бұған қосымша жөндеу кезінде 10% (жұмысы мен қосалқы бөлшектер үшін) жеңілдіктер беріледі. Көлік қорабының жеңіл жөндеу жұмыстарын бағалауды техникалық қызмет көрсету станциясына келмей-ақ, 87472154111 телефон номіріне Whatsapp арқылы фотосуреттерін жіберіп жасатуға болады.

Осылайша, Масленица мейрамында қала тұрғындары көтеріңкі көңіл күймен қысты шығарып салды.

www.zhaikpress.kz

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Мекенжайымыз:

Renault автосалоны, Шолохов к., 41, тел.: 222-700, 8-747-508-00-00,

Lifan, Chery автосалоны, Шолохов к., 11/4, 21-45-45;

Сервис: 21-46-46, 8-747-215-41-11

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале