28.09.2015, 19:50
Оқылды: 33

Саябақтағы соңғы ән кеші

Janibek saiabaktagi songi an keshi    Қоңыр күздің соңғы аптасында аудандық мәдениет және демалыс саябағының жабылу рәсіміне арналған концерттік бағдарлама болды.

-Саябақ бұл ауылымыздың сәні келіскен бір бұрышы ғана емес, бұл – жабырқаған көңілді жадырататын, жан дүниең қандай күйде болса да, дамылдап, демалып қайтатын, адамды бір сәтке болса да табиғатпен табыстыратын, тілдестіретін орын. Жайдарлы жаздың жаймашуақ кештерін сазды әуенге, сырлы күйге бөлеген күндерді сыйлаған әдемі орын. Ендеше бүгін тағы бір мәрте әсем әуеннің ырғағын тыңдап, жалындаған жастардың үнін тыңдаңыздар,-деді кешті ашқан жүргізуші.

Артынша халық алдына шыққан Елжан Бисенғалиев «Бота көзім» әнін шырқаса, әлі кішкентай болса да көрерменнің көзайымына айналып үлгерген Ақан Мектепқалиев «Жаяу», трио «Асықпа» әнін орындады. Квартеттің орындауында халық әні «Әгугай» кетті әуелеп. Шынтемір Рамазанов пен Рита Малаева Дәулеткерейдің күйі «Құдашаны» құйқылжытты. «Ақмаржан» халықтық-би ансамблі «Шалқыма», «Ырғақ» билерін мың бұрала биледі. Дана Қаратаева мен Сағаден Кенжеғұловтың орындауындағы «Ақ қанат ақ құсым» әні де сәтті шықты. Саябақ шымылдығы Ақтоты Ешматова мен Райымбек Кәрімов шырқаған «Жәнібегім» әнімен жабылды.

www.zhaikpress.kz

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

                                                                                              Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале