18.12.2015, 21:27
Оқылды: 17

Саяси клуб отырысы өтті

 100 nakti kadam  Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы саяси клубтың отырысының күн тәртібіне «БҚО аумағында медициналық мекемелерді жекешелендіру тақырыбы шығарылып, талқыланды.

        Басқосуда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ішкі бақылау бөлімінің басшысы Дина Сыздықова «Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға медициналық көмек көрсету мәселелері, кепілденген медициналық көмектің көлемі және міндетті медициналық сақтандыру»  туралы баяндама жасады.


Оның айтуынша, Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында медицина саласына баса көңіл бөлініп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, жекеменшік медицинаны дамыту және дәрігерлік қызмет сапасын арттыру мәселелері кеңінен қарастырылған. Биылғы қараша айында Мемлекет басшысы қол қойған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу» туралы заң 2017 жылдан бастап күшіне енеді. Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кейбір пункттері бойынша жұмыстар 2017 жылдың наурыз айында басталады.

-Тұрғындарға қатысты нендей жаңалық болады десек, ештеңе өзгермейді. Өйткені оларға бұрынғыдай кепілденген медициналық көмек көрсетіле береді. Әлеуметтік топтағыларға да бұрынғыдай қосымша медициналық қызмет кепілді көлем шеңберінде көрсетіледі. Сондықтан тұрғындардың алаңдайтын жөні жоқ. Бүгінге дейін кепілденген медициналық көмек тек мемлекет есебінен ғана көрсетіліп келсе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде  бұл көмек жарна есебінен де көрсетілетін болады. Әрбір жұмыс істейтін адам өзінің табысынан белгілі бір шамадағы жарнаны медсақтандыру қорына төлейді. Сонымен қатар медициналық сақтандыру қоры жұмыс берушілердің төлемдері есебінен құралады, - деді Дина Сыздықова.

    Саяси клуб отырысында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрайымы Қадиша Мұқанова, «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Салауат Ағдаутов, «Бірлік» партиясынан Даурен Сариев, саясаттанушы Еркін Ерғалиев және өзгелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Алайда денсаулық сақтау саласының басшыларының клуб отырсына қатыспауына байланысты басты мәселе- медициналық мекемелерді жекешелендіру тақырыбы кейін талқыланатын болып келісілді.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале