3.06.2016, 12:53
Оқылды: 35

«Саяхат»жазғы лагері ашылды

?????????????

    Жаңақала ауданында аудандық балалар және жасөспірімдер туризм экология орталығының бастамасымен дәстүрлі «Саяхат» жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады.


   Соркөл жағасындағы турбазада орналасқан жазғы лагер 1 маусымнан бастап алғашқы кезеңге 24 баланы қабылдады. Лагерде балалар далалық жағдайда шатырда туру, суы шипалы Соркөлде шомылу, туған өлкеміздің басқада көрікті жерлеріне экскурсияға шығу, қайықпен Соркөлде серуендеу, әртүрлі кедергілер жолағынан туристік құрал – жабдықтар арқылы өту және де жаға волейболы, футбол, шахмат, дойбы, нарды тағы басқада спорттық ойындармен бос уақыттарын өткізіп,  мол қызықтарға кенелмек.

      Лагерь әр кезеңге 24 баладан 2 ай бойы 216 баланы демалтуды жоспарлауда.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА,

Жаңақала уданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале