9.09.2015, 15:05
Оқылды: 25

Сағитжанның қол паромы қарым-қатысқа қолайлы-ақ

Akjayik kol paromi   Ақжайық ауданы бойынша Жайықта 8 паром жұмыс жасайды. Соның бірі сол жағалаудағы Кеңсуат ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Сағитжан Кенжеғалиевтың иелігінде. Тамызда іске кіріскен оның су көлігі осы қысқа уақытта ауданнан тыс жерлерге де танылып үлгерді. Өйткені, басқа кейбір пароммен өзеннің сол жағалауына өткен соң тоғайдың ойқыл-шойқыл жолымен жүруге тура келеді. Ал енді Жайықтың сол жағалауындағы Көнеккеткен ауылы тұсынан оң жағалаудағы Мойылды ауылы аралығында жүретін, екі жеңіл автомобиль сиятын Сағитжанның қол паромы жұртты сол қолайсыздықтан құтқарып, сондай-ақ аудан орталығы – Чапаев және басқа таяу ауылдар мен Көнеккеткен арасын едәуір жақындай түсті. Яғни, жұрт жолды кем дегенде 7-10 километрге қысқартты.

 www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале