17.11.2015, 17:23
Оқылды: 88

«Сағынышым менің»

Borli shamshi  Шәмші Қалдаяқов (шын есімі Жәмшид) қазақ жастарының ой арманын өрнектеген шынайы махаббат пен сезімге толы лирикалық әндердің авторы. Ол замандас ақындардың мәтіндеріне сазды әуен жазды.

Шәмші Қалдаяқов 1956-62 Алматыдағы Мемлекеттік консерваторияның композиция факультетінде оқыған айтулы азамат, халық қадірлеген композитор әрі Қазақстан Республикасының халық әртісі. 1950-ші жылдардан бастап музыка әлеміне бетбұрған оның туындылары бірнеше ұрпаққа рухани азық болуда.


Осындай жанның шығармашылығын кеңінен тарату мақсатында әрі оның туғанына 85 жас толуына орай Бөрлі ауылдық Мәдениет үйінде «Сағынышым менің» ән кеші өтті. Онда бөрлілік өнерпаздармен қатар көрші ауылдардан, яғни, Саралжын, Ұялыдан жастарымыз келіп, Шәмшінің әндерін тамылжыта орындады. Кеш барысында Қазақ вальсі королінің нақышына келтіре орындағандар үздік деп танылды. Атап айтар болсақ, «Үздік әнші» аталымы ауылдық жастар жетекшісі Гүлзада Шалғынбаеваға бұйырса, «Ол жалғыз-біз екеуміз» әнін төгілткен саралжындық Жанаргүл Қуанышева мен Эльмира Жапаева «Үздік дуэт» деп танылды. Ал,  өнерпаз жігітіміз Қуаныш Рахимов «Үздік орындаушы» атанды.

Ән төгілген кешке қатысқан ауыл имамы Есенболат аға Шәпенов Шәмшінің өмір жолынан көп мағлұматтар айтса, ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ерсайын аға Құбышев жанға тыныштық, көңілге медеу болатын осындай шаралар тек мерейтойларда емес, жыл сайын өткізіп тұрса деген тілегін білдірді. Кеш соңы Шәмші әндерінің папуриімен аяқталды.

www.zhaikpress.kz

Айнұр ӘБДІРЕШЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале