21.10.2016, 11:27
Оқылды: 27

Сақтансаң, сақтармын

%d1%81%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bd%d1%81%d0%b0%d2%a3-%d1%81%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%bc%d1%8b%d0%bd   Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медицииналық сақтандыру енгізілмек. Араға он жылдай уақыт салып, медициналық сақтандыру жүйесі елімізде қайта қолға алынып отыр. Осы орайда «сақтансаң, сақтармын» деген мақалды бетке алып, облыста және аудандарда арнайы штаб жасақталды. Олар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік медициналық сақтандырудың дамыған елдерде жүзеге асып жатқандығын, бұл әрекеттің тиімді екендігін айтады.Теректі ауданындағы Достық үйінде болған жиын осының дәлелі.


Теректі ауданы әкімінің орынбасары А.Тоқжанов аталмыш жүйенің басымдықтары мен жүзеге асу қадамдарын тілге тиек етті. Ал, БҚО әлеуметтік сақтандыру қорының директоры В.Кожевников облыстық деңгейде штабтардың жұмысы қарқынды түрде атқарылып жатырғандығын атап өтті. Орталықтандырылған ауруханының эпидемиологы  Д.Карлыбаева міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы көпшілікке түсінікті тілде түсіндіріп берді. Жиылған халық тарапынан туындаған сауалдарға аудандық орталықтандырылған ауруханасының директоры М.Өтешов жауап берді.

 

Әділет ЗЕРЕ

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале