6.08.2015, 9:39
Оқылды: 22

Сақтанғанды сақтайды

Zelenov dastyrli emes din    Зеленов ауданы Щапов ауылында дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауынан сақтану жайын талқылаған жиын өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға аталмыш бөлім басшысы Талшынай Жүнісова, ауданық мешіттің бас имамы Әзілхан Бисенғалиев және ауыл тұрғындары қатысты. Жиын барысында сөз алған Талшынай Орынбекқызы  аудандағы діни ахуал жайында сөз қозғады. Оның айтуынша соңғы уақытта дәстүрлі емес діни ағымға өткен жандар көбейіпті. Тіпті олардың арасында Сирия жеріне соғысқа аттанғандары да бар екен.  Содан соң сөз алған мешіт имамы да теріс діни ұғымды насихаттаушы жандардың көбейю елімізге төнетін үлкен қасірет екенін айтып қана қоймай, аялап өсірген анасынан безіп, туыстарын кәпір санаған жандардың өмірінде болған оқиғаларынан кең мағлұмат беріп, олардан қалай сақтану керектігін айтып, шараға қатысқан жандарды мазалап жүрге сұрақтарына «Ия соңғы кездері расымен де теріс діни ағамдардың жетегінде жүрген жастар көп. Шынын айту керек барлығы да исламды интернеттен ия болмаса өздері сияқты теріс дінде жүрген жасы үлкен жандардан алады. Ислам діні қызықтырған намазға жығылғысы келетін, жандарға айтарым білімді интернеттен емес медреседен, қызықтырған сұрақты көшедегі адамнан емес, мемлекетіміз тағайындаған имамнан алу керек.»,-деп жауап қайырды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале