19.10.2016, 16:17
Оқылды: 21

Сақтық сан соқтырмайды

%d1%81%d0%b0%d2%9b%d1%82%d1%8b%d2%9b-%d1%81%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d0%be%d2%9b%d1%82%d1%8b%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b  Шыңғырлау аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі бойынша жүргізіліп жатырған облыстық айлық аясындағы қауіпті жағдайлардың алдын-алу шараларын жалғастыруда.


  Айлық мақсаты өрті қауіптілігінің алдын алу, сондай-ақ өрт жағдайында адамдар өлімі мен жарақат алуыныңалдын-алу,жалпы алдағы келе жатырға қысқы жылыту маусымында сақтықты күшейту, тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізу болып отыр. Осы орайда аудандық ТЖ бөлімі мамандары, №22 Өрт бөлімінің жеке құрамы, жергілікті құқыққорғау органдары бірлесе отырып, тұрғын үйлер қатарындағы өрт оқиғаларын болдырмау, қасақана өртеу фактілерінің алдын алу 5 мәрте рейдтер жүргізіп, нағыз өрт қауіпті деген жерлерде болды, яғни, жеке тұрғын үйлерді аралап шықты.

Рейдтер барысында анықталғандай, өрт оқиғаларының себептері негізінен электр жабдықтарын дұрыс қолданбау, пайдалану талаптарын бұзу, жылыту пештері мен мұржалардың ақауы немесе уақтылы жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі, сондай-ақ, от тұтатудағы абайсыздықтан болып жатады.  Осы себепті әрбір тұрғынмен жеке-жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін сақтаудың жадынамалары мен ескерту парақшалары таратылды. Аудан бойынша нұсқаушылар аула, үйлерді аралай отырып, әрбір үйде болып, жылыту маусымындағы сақтық шараларын нақпа-нақ түсіндіріп шықты. Бұл жұмыстар ерекше бақылауда тұрған отбасыларда да өткізіліп, нақты ескертулер жасалды, үй иелерінің рұқсатымен арнайы мамандар жылыту пештерін тексеру жұмыстарын жүргізіп, кемшіліктерді анықтап көрсетіп берді.

 

М.Назаров

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале