16.06.2016, 17:41
Оқылды: 18

Сақтық шаралары пысықталды

 

TJ akim (1)Облыс әкімдігінде төтенше жағдайларды, соның ішінде өртті болдырмау, бұл бағытта тиісті қауіпсіздік шараларын алу жөнінде жиын өтті.


Жиынды ашқан облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, алдағы уақытта өңіріміздегі ауа райы күрт ыстымақ. Соған орай жазғы демалыста жүрген балалар өзен-көлдерге шомылуға барады. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Жазғы мезгіл болғасын кейбір тұрғындар далаға, орманға барып демалады. Сол кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін барынша сақтау қажет.

Жиында негізгі баяндаманы БҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы, подполковник Ақылбек Ахметжанов жасады. Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бері облыс аумағында техногендік сипаттағы 27 төтенше жағдай тіркеліпті. Одан 25 адам зардап шегіп, 17 жан қаза тапқан. Материалдық шығын 5,5 млн. теңге шамасында. Суға түсудегі қауіпсіздік және табиғи өртті алдын алу бойынша тиісті нормативтік құжаттар дайындалып, бұл бағытта тиісті іс-шаралар жүргізілуде. «Республика бойынша суда қаза болған адамдардың шамамен 4 пайызы облысымызға тиесілі,-деді Ақылбек Ахметжанов. - Соңғы он жыл ішінде өңірімізде 301 адам суда қаза болса, оның 69-ы балалар. Биыл облыс аумағында бес адам суда ажал құшты, оның біреуі жасөспірім, ал бір адам іздестірілуде. Мұндай қайғылы жағдай көбіне ересектер тарапынан ішімдік ішуден болса, балалардікі ересектердің қарауынсыз су түсуден және қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындайды. БҚО ТЖД жедел құтқару жасағанының 4 құтқару бекетінің қызметкерлері адамдар көптеп суға түсетін жердерде әрдайым кезекшілікте. Ол бекеттің екеуі Орал қаласында болса, біреуі Ақжайық ауданының орталығында, тағы біреуі Теректі ауданының аумағындағы Шалқар көлінде.

TJ akimСуға түсу маусымы басталардың алдында барлық мектепте оқушылармен, ата-аналармен ашық сабақтар өткізіліп, БАҚ арқылы түсіндіру, ескерту жұмыстары жүргізілді, арнайы рейдтер ұйымдастырылды. Тиісті жерлерге ескерту белгілері орнатылып, жадынамалар таратылуда. Табиғи өртті болдырмау бағытында да кешенді шаралар жүргізілуде. Облыста 6 өрт сөндіру бекеті және 73 ерікті өрт сөндіру жасағы жасақталған. Одан бөлек 8 орман өртін сөндіру бекеті бар. Ағымдағы жылы табиғи өрт тіркелген жоқ. Бірақ 29 жану орын алды. Қала мен аудан әкімдіктері материалдық қорларын жасақтады. Оған қосымша облыстық резервтен жанар-жағар май, аспалы өрт сөндіргіштер берілуде. Әуе жолдары арқылы орман өрттерін сөндіру бойынша келісімшарттар бектілді. 1 мамырдан бастап ғарыштық мониторинг жүргізілуде. Бұл өрт ошақтарын анықтап, сол жақтарға тиісті күштерді шоғырландыруға мүмкіндік береді. ТЖ бойынша оқу-жаттығу барысында мамандардың өртпен күресу мүмкіндіктері бағаланды. Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, орман шаруашылықтарына рейдтік шаралар жүргізілді. Шаруа қожалықтарына өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау жөнінде ескертпелер берілді».

Жиын барысында сондай-ақ БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Кенжебек Қосбаев, «Қазавтожол» АҚ БҚОФ басшысының орынбасары Әділ Нығметов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Амангелді Дәулетжанов бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралары жөнінде баяндады.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Суретті түсірген

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале