19.02.2016, 19:25
Оқылды: 14

Сақшы тоғыз қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстады

Sakshi   1-29 ақпан аралығында өңірде өткізіліп жатқан «Учаске» алдын алу шарасы барысында Орал қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Данияр Рақышев іздестірілуде жүрген 1973 жылғы Т. деген азаматты ұстады.


   БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оның 2015 жылы жасалған ҚР ҚК 191-бабы 2-бөліміне (кісі тонау) сәйкес тоғыз ауыр қылмысқа қатысы бар болып шықты. Соның ішінде күдікті өткен жылғы мамырда Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Жайық» дүкені жанында 1967 жылғы М. деген азаматшаға күш көрсетіп, оның жеке заттарын тартып алған.

   Қазіргі кезде күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале