18.10.2016, 10:08
Оқылды: 29

Сексеннің төртеуіне келсе де, көзілдіріксіз кітап оқыған

%d1%87%d0%b8%d1%82%d0%b0%d0%b5%d1%82-%d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%be%d1%87%d0%ba%d0%be%d0%b21         Қазіргі күнде кітап оқушылар азайып кетті деп айтып жатамыз. Ал, күні кеше ғана «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Айтуға оңай» хабарынан 96 жастағы әженің кітаптан қол үзбегенін көрсетті. Әженің, - оқып жатырған кітабым бітіп қалса, өмірім бітіп қалғандай болады, - деген әңгімесін естідік.

Бұл сонау Алматы жағындағы әже болса, өзіміздің қасымызда да жасы тоқсанға келмегенмен, сексен төртті еңсеріп тастаған Әбужәлит Шамғонов атамыз кітап оқудан қол үзген емес. Атамыздың бір ерекшелігі –  кітапты көзілдіріксіз оқиды.

  • Үйге әкелген кітабым оқылып таусылып қалса, бірдеңе жоғалтқандай боламын. Сосын кітапханадағы қыздарыма қарай аяңдаймын, -дейді атамыз.

Бүгінде жапа тармағай ғаламтордың шырмауына түсіп жатқанымызда, сексеннің сеңгірінде жүрген атамыздан бір үлгі алсақ, артық болмас еді.

Қайрат Жақып

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале