27.10.2015, 13:05
Оқылды: 29

Семинар-кеңес өтті

1Бөкейордасы ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Жұмыспен қамту-2020. Жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелері және оны жүзеге асыруға әлеуетті қатысушылардың, жергілікті атқарушы органдардың, басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысу тетіктері» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Оны ашып, жүргізіп отырған аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов келген меймандармен таныстырып, сөз кезегін соларға ұсынды.

Алдымен «Жұмыспен қамту–2020. Жол картасы» бағдарламасын БҚО-да жүзеге асыру тәжірибесін проблемалық тұрғыдан сараптау» атты хабарламасын оқыған Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының директоры, ғылым кандидаты, доцент Үмбетқали Жаңабеков бағдарламаның әр тетігін слайд арқылы облыс аудандарының көрсеткіштерімен салыстыра түсіндірді. Берілетін қаржының 70 пайызы ауылдық жерлерге бөлінетіндігіне баса назар аударған Үмбетқали Молдағалиұлы бағдарламаға енгізілген өзгерістерге де тоқталды. Ал, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мониторинг және талдау бөлімінің бас маманы, магистр Дәурен Кемешев «Ауылдық округтің жұмыспен қамту картасын жасау» атты тренинг өткізіп, осы бағдарлама бойынша кестелерді толтырудың әдістері хақында әңгімеледі әрі кейбір қатысушыларға оны толтыруға ұсынды. Тәжірибеде аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, ауылдық округ әкімдері жұмыстарын қорғап, осынау әдісті іс жүзінде қолдануға ниет білдірді.

Сонымен қатар, қатысушыларға жадынама мен түсіндірме материалдар таратылып, округ әкімдеріне арнайы диск берілді. Осылайша, әдістемелік көмек қолын созуға келген меймандар бұл бағдарламаның кеңінен етек жаюына атүстіндегі азаматтар белсене кіріссе, еліміздің экономикасы да дами түсетінін баса айтты.

www.zhaikpress.kz

Р.БАҚЫТОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале